ПРЕСС-РЕЛИЗ: «Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу қағидаларын бекіту, олардың мөлшерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 3 шiлдедегi № 168 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрығы жобасы

«Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу қағидаларын бекіту, олардың мөлшерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 3 шiлдедегi № 168 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрығы жобасымен (бұдан әрі – Жоба) Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу қағидаларына өзгеріс енгізу көзделеді.
Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 7-тармағы 30) тармақшасына сәйкестендіру мақсатында әзірленді.
Жоба 2025 жылғы 12 мамырда жария талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15526464 сілтеме бойынша орналастырылды.