ПРЕСС- РЕЛИЗ: «Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне ақшалай көтермелеуді төлеу және оны қайтару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 204 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі бұйрығының жобасы

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігімен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 сәуірдегі № 183-VIII ҚРЗ Заңына сәйкес «Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне ақшалай көтермелеуді төлеу және оны қайтару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 204 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі бұйрығы әзірленді.
Жоба 2025 жылғы 28 сәуірде жария талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15521237 жарияланды.