ПРЕСС- РЕЛИЗ: «Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын спорттық іс-шараларға, оның ішінде дене шынықтыру-спорт ұйымдары үшін оқу-жаттығу жиындарына бөлінетін ақша қаражатын жұмсау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 100 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі бұйрығының жобасы

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігімен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болдырмау туралы» Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 сәуірдегі № 183-VIII ҚРЗ Заңына сәйкес «Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын спорттық іс-шараларға, оның ішінде дене шынықтыру-спорт ұйымдары үшін оқу-жаттығу жиындарына бөлінетін ақша қаражатын жұмсау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 100 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі бұйрығы әзірленді.

Жобада бірінші топтағы мүгедектігі бар спортшының ілесіп жүрушісіне арналған шығыстар көзделген. Бұйрықты қабылдаудың мақсаты - тірек-қимыл аппаратының зақымдануы, көру органдарының бұзылуы, интеллектуалдық дамуы бұзылған, бөгде адамның күтіміне және көмегіне мұқтаж мүгедектігі бар спортшылардың өздерінің негізгі өмірлік қажеттіліктерін, оқу-жаттығу жиындарына, спорттық іс-шараларға және халықаралық спорттық жарыстарға шығу кезінде өзіне-өзі қызмет көрсету және (немесе) жүріп-тұру қабілеттерін өз бетінше қанағаттандыру мүмкіндігінің ішінара немесе толық жоғалуына байланысты психоэмоционалдық жай-күйін жақсарту.

Жоба 2025 жылғы 28 сәуірде жария талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15518233  жарияланды.

Қызмет бағыты