ПРЕСС-РЕЛИЗ: Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің «Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы» бұйрығының жобасы

ПРЕСС-РЕЛИЗ: Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің «Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы» бұйрығының жобасы

Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 10-1 бабы 2-тармағының 2) тармақшасының күшін жоюға байланысты «Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің «Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы» бұйрығы жобасы (бұдан әрі – Жоба) әзірленді.

Аталған Жобамен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы №109 бұйрығымен бекітілген спорттық медицина ұйымдарының құрылымын және олардың қызметі туралы ережелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 1 желтоқсандағы №346 бұйрығымен бекітілген мәдениет, дене шынықтыру және спорт салаларындағы кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу тізбесінің 6-тармағын күшін жойды деп тану көзделген.

Жоба 2025 жылғы 12 мамырынан бастап шық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында қоғамдық талқылау үшін https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15526476 сілтемесі бойынша орналастырылды.

Қызмет бағыты