ПРЕСС-РЕЛИЗ: «Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 121 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрығы жобасы

«Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 121 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрығы жобасымен (бұдан әрі – Жоба) Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларына өзгерістер мен толықтыру енгізу көзделеді.
Жоба Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 2-қосымшасына, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 7-тармағы 1) тармақшасының екінші бөлігіне және 7) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды, ақпараттық қауіпсіздікті дамыту және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, ««Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» 2023 жылғы 1 қыркүйекте № 318 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен сәйкестендіру мақсатында әзірленді.
Жарлыққа сәйкес Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі ретінде қайта ұйымдастырылды.
Жоба 2025 жылғы 28 сәуірде жария талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15521324 сілтемесі бойынша орналастырылды.