ПРЕСС-РЕЛИЗ: «Мамандандырылған спорт сыныптарының жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрығының жобасы

Білім беру саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган әзірлеген және бекіткен мамандандырылған спорт сыныптарының жұмыс істеу қағидаларын енгізуді көздейтін «Мамандандырылған спорт сыныптарының жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі бұйрығының жобасы (бұдан әрі - бұйрықтың жобасы) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болдырмау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында әзірленді.
Жобаны қабылдаудың мақсаты - салалық ережелерге спортшылардың жетістіктері үшін қосымша ақыны есептеу кезінде есепке алынатын спорт салалары мен спорт түрлерінің санына қатысты қосарланған түсіндіру мүмкіндігін болдырмайтын түзетуді енгізу.
Бұйрық жобасы 2025 жылғы 13 мамырда Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің www.gov.kz/memleket/entities/tsm интернет-ресурсында және 2025 жылғы «29» сәуірде https://legalacts.egov.kz – ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды.