ПРЕСС-РЕЛИЗ: «Мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрық жобасы

«Мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрығының (бұдан әрі – Жоба) жобасында мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялау тәртібін айқындау көзделеді.
Жоба мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының бірінші басшыларын қолданыстағы заңнамаға, атап айтқанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болдырмау туралы» 2025 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 65-20) тармақшасы негізінде, ротациялау тәртібін айқындау мақсатында әзірленді.
Жоба 2025 жылғы 28 сәуірде жария талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15521330 сілтемесі бойынша орналастырылды.