ПРЕСС-РЕЛИЗ: «Оқу-жаттығу процесі мен спорттық іс-шаралар өткізу кезеңінде спортшыларды, оның ішінде барлық санаттағы әскери қызметшілерді және құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тамақтандыру және фармакологиялық қамтамасыз ету нормативтерінің әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 107 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі бұйрығының жобасы

«Оқу-жаттығу процесі мен спорттық іс-шаралар өткізу кезеңінде спортшыларды, оның ішінде барлық санаттағы әскери қызметшілерді және құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тамақтандыру және фармакологиялық қамтамасыз ету нормативтерінің әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 107 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі бұйрығының жобасымен (бұдан әрі - Жоба) оқу-жаттығу процестеріне және спорттық іс-шараларға (дәрілік формуляр) қатысатын спортшыларға шұғыл медициналық көмек көрсету үшін фармакологиялық тізбесіне өзгерістер мен толықтыру енгізу жоспарланып отыр.
Жоба оқу-жаттығу процестеріне және спорттық іс-шараларға (дәрілік формулярлар) қатысатын спортшыларға шұғыл медициналық көмек көрсету үшін фармакологиялық тізбесін қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында, атап айтқанда, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы 2025 жылғы 15 сәуірдегі № 183-VIII ҚРЗ Заңына сәйкес әзірленді.
Жоба 2025 жылғы 28 сәуірде ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында талқылау үшін сілтеме бойынша https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15521291 жария етілді.