ПРЕСС-РЕЛИЗ: «Жаттықтырушыларға, жаттықтырушы-оқытушыларға және спорт төрешілеріне аттестаттау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 100 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрығы жобасы

«Жаттықтырушыларға, жаттықтырушы-оқытушыларға және спорт төрешілеріне аттестаттау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 100 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрығының жобасында (бұдан әрі – жоба) жаттықтырушыларды, жаттықтырушы-оқытушылар мен спорт төрешілерді аттестаттау қағидаларына өзгеріс енгізу көзделеді.
Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 7-тармағы 4) тармақшасының жиырма жетінші абзацына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.
Жоба 2025 жылғы 23 сәуірде жария талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15518785 сілтеме бойынша орналастырылды.