ПРЕСС-РЕЛИЗ: «Қазақстан Республикасының Допингке қарсы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 18 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрығы жобасы

«Қазақстан Республикасының допингке қарсы қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 18 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің (бұдан әрі – жоба) бұйрығының жобасында Қазақстан Республикасының допингке қарсы қағидаларына өзгерістер енгізу көзделеді.
Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 7-тармағы 1) тармақшасының төртінші абзацына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.
2025 жылғы 23 сәуірде жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау үшін https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15518626 сілтемесі бойынша орналастырылды.