ПРЕСС-РЕЛИЗ: «Спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу үдерісін жүзеге асыратын түрлі дене шынықтыру-спорттық ұйымдарының тізбесін және олардың қызмет қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрығы жобасы

«Спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу үдерісін жүзеге асыратын түрлі дене шынықтыру-спорттық ұйымдарының тізбесін және олардың қызмет қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрығының жобасында (бұдан әрі – Жоба) спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу үдерісін жүзеге асыратын түрлі дене шынықтыру-спорттық ұйымдарының тізбесін және олардың қызмет қағидаларына өзгеріс енгізу көзделеді.
Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, сондай-ақ артық заңнамалық реттеуді алып тастау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, «Оқу-жаттығу процесі, спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау, допингке қарсы іс-қимыл, ғылыми-әдістемелік, медициналық-биологиялық және фармакологиялық қамтамасыз ету жүзеге асырылатын ұйымдар мен спортшыларды медициналық көмекпен қамтамасыз ететін ұйымдар үшін үлгілік штаттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 30 мамырдағы № 155 бұйрығына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 25-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 91-баптарына сәйкес әзірленді.
Жоба 2025 жылғы 28 сәуірде жария талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15521131 сілтеме бойынша орналастырылды.