Пресс-релиз: Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 шілдедегі № 164 «Туризм қызметі саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» бұйрығы жобасы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі туристік қызмет саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 шілдедегі № 164 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрығының жобасын (бұдан әрі – бұйрықтың жобасы) әзірледі.
Бұйрықтың жобасы әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындарын субсидиялау тетігінің тиімділігі мен ашықтығын арттыру мақсатында әзірленді. Бұл өзгерістер мен толықтыру мемлекеттік қаражатты туристерді тартуға көбірек бағыттауға көмектеседі, бұл өз кезегінде ел экономикасына оң әсер етеді.
2025 жылғы 28 сәуірде жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау үшін https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15520687 сілтемесі бойынша орналастырылды.