Пресс-релиз: «Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 28 шілдеде № 292 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрығы жобасы

«Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 28 шілдеде № 292 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығы жобасымен (бұдан әрі – Жоба) «Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына өзгерістер енгізу көзделеді.
Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 7-тармағы 4) тармақшасының үшінші, төртінші және бесінші бөлігіне, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабы 5-тармағына және 93-бабына, «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды, ақпараттық қауіпсіздікті дамыту және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 14) тармақшасына, Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін жолданымдарды тіркеу, есепке алу, сондай-ақ «Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесін жүргізу қағидаларының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» 2023 жылғы 1 қыркүйекте № 318 Қазақстан Республикасы Президентінің қаулысымен сәйкестендіру мақсатында әзірленді.
Қаулыға сәйкес Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі ретінде қайта ұйымдастырылды.
Жоба 2025 жылғы 25 сәуірде жария талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15518522 сілтеме бойынша орналастырылды.