Пресс-релиз: «Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиаданың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай беру және оны пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 97 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрығы жобасы

«Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиаданың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай беру және оны пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 97 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрығы жобасымен (бұдан әрі – Жоба) Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиаданың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай беру және оны пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізу көзделеді.
Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 7-тармағы 1) тармақшасының екінші бөлігіне және он бесінші бөліктеріне, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, 2022 жылғы 14 шілдедегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды, ақпараттық қауіпсіздікті дамыту және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 14) тармақшасына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 76-бабы 3-тармағына сәйкестендіру мақсатында әзірленді.
Жоба 2025 жылғы 25 сәуірде жария талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15518515 сілтеме бойынша орналастырылды.