Пресс-релиз: «Спорт түрлерін, спорт салаларын тану және спорт түрлерінің тізілімін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі міндетін атқарушысының 2014 жылғы 28 қазандағы № 55 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрық жобасы

«Спорт түрлерін, спорт салаларын тану және спорт түрлерінің тізілімін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі міндетін атқарушысының 2014 жылғы 28 қазандағы № 55 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрық жобасымен (бұдан әрі – Жоба) Спорт түрлерін, спорт салаларын тану және спорт түрлерінің тізілімін қалыптастыру қағидаларына өзгерістер енгізу көзделеді.
Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2025 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 7-тармағы 1) тармақшасының екінші, жиырма бірінші және жиырма екінші бөліктеріне, 4) тармақшасының қырық төртінші бөлігіне, «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 29-3) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды, ақпараттық қауіпсіздікті дамыту және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабы 5-тармағына сәйкестендіру.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» 2023 жылғы 1 қыркүйекте № 318 Қазақстан Республикасы Президентінің қаулысымен сәйкестендіру үшін. Қаулыға сәйкес Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі ретінде қайта ұйымдастырылды.
Жоба 2025 жылғы 25 сәуірде жария талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15518509 сілтеме бойынша орналастырылды.