Пресс-релиз: «Спорттың ойналатын түрлері бойынша кәсіби спорт клубтарын күтіп-ұстауға бөлінетін бюджет қаражатының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі бұйрығының жобасы

Пресс-релиз: «Спорттың ойналатын түрлері бойынша кәсіби спорт клубтарын  күтіп-ұстауға бөлінетін бюджет қаражатының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт  министрі бұйрығының жобасы

«Спорттың ойналатын түрлері бойынша кәсіби спорт клубтарын күтіп-ұстауға бөлінетін бюджет қаражатының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі бұйрығының жобасында (бұдан әрі – Жоба) спорттың ойын түрлері бойынша кәсіби спорт клубтарын ұстауға бюджет қаражатының лимиттерін белгілеу көзделеді.

Жоба қолданыстағы заңнамаға, атап айтқанда 2025 жылғы 15 сәуірдегі
№ 183-VIII ҚРЗ «Кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес спорттың ойналатын түрлері бойынша кәсіби спорт клубтарын ұстауға лимиттердің мөлшерін белгілеу арқылы спорттың ойналатын түрлері бойынша кәсіби спорт клубтарының қызметін қамтамасыз етуге бөлінетін бюджет қаражатын тиімді және ұтымды пайдалану мақсатында әзірленді.

Жоба 2025 жылғы 24 сәуірде ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15519869 сілтемесі бойынша қоғамдық талқылау үшін орналастырылған.

Қызмет бағыты