Пресс-релиз: «Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 158 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрығы жобасы

Пресс-релиз: «Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 158 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрығы жобасы

«Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 158 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрығы жобасымен (бұдан әрі – Жоба) «Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына өзгерістер енгізу көзделеді.

Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 7-тармағы 1) тармақшасының екінші бөлігіне және 4) тармақшасының бесінші бөлігіне, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 35-бабына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды, ақпараттық қауіпсіздікті дамыту және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» 2023 жылғы 1 қыркүйекте № 318 Қазақстан Республикасы Президентінің қаулысымен сәйкестендіру мақсатында әзірленді. Қаулыға сәйкес Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі ретінде қайта ұйымдастырылды.

Жоба 2025 жылғы 25 сәуірде жария талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15520047 сілтеме бойынша орналастырылды.

Қызмет бағыты