Пресс-релиз: «Жарыстар түрлерінің, оқу-жаттығу жиындарының тізбесін және олардың сыныптамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 14 мамырдағы № 179 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрығы жобасы

«Жарыстар түрлерінің, оқу-жаттығу жиындарының тізбесін және олардың сыныптамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 14 мамырдағы № 179 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрығы жобасымен (бұдан әрі – Жоба) жарыстар түрлерінің, оқу-жаттығу жиындарының тізбесіне және олардың сыныптамасына өзгерістер енгізу көзделеді.
Жоба спорт түрлерінен республикалық және халықаралық жарыстарға дайындық бойынша жарыстар мен оқу-жаттығу жиындарының түрлерін қолданыстағы заңнамаға, атап айтқанда «2025 жылғы 15 сәуірдегі № 183-VIII «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен сәйкестендіру мақсатында әзірленді.
Жоба 2025 жылғы 23 сәуірде жария талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15518715 сілтеме бойынша орналастырылды.