Пресс-релиз: «Әскери-қолданбалы және қызметтік-қолданбалы, техникалық және басқа да спорт түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі бұйрығының жобасы

Бұйрық жобасы 2025 жылғы 15 сәуірдегі № 183-VIII ҚРЗ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен сәйкестендіру үшін және Әскери-қолданбалы және қызметтік-қолданбалы, техникалық және басқа да спорт түрлерін дамытуға басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының қорғаныс саласындағы уәкілетті органдарының, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдарының ұсыныстары негізінде әзірленді.
Жоба әскери-қолданбалы және қызметтік-қолданбалы, техникалық және басқа да спорт түрлерінің тізбесін айқындау мақсатында әзірленді.
Жоба 2025 жылғы 23 сәуірде жария талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15518305 сілтеме бойынша орналастырылды.