Пресс-релиз: «Туристік қызмет саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрық жобасы

Пресс-релиз: «Туристік қызмет саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрық жобасы

«Туристік қызмет саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрық жобасы (бұдан әрі – Бұйрық жобасы) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3 тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі ережесі 15-тармағының 23) тармақшасына сәйкес әзірленді.

Бұйрық жобасын қабылдаудың мақсаты - «Халықаралық туризм және меймандостық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының түлектерін жұмысқа орналастыру деңгейі бойынша мәліметтер» туристік қызмет саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды бекіту.

Бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2025 жылғы 17 наурызда орналастырылған: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15493608

Қызмет бағыты