Пресс-релиз: Реттеушілік әсерді талдаудың нәтижелерін қоғамдық талқылау

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Реттеушілік әсерді талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларының (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығы)
20-тармағына сәйкес ү.ж. 14 наурызда сағат 15:00-де ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында келесі реттеуші құралдар бойынша реттеушілік әсерді талдау (бұдан әрі – РӘТ) нәтижелері орналастырылатындығын хабарлайды:
- жасалған мөлшерлемелердің жалпы сомалары, бәс тігуге қатысушылардың өңделген мөлшерлемелері және төленген ұтыстар бойынша ақпаратты синхронды өзара іс-қимыл тәртібімен бірыңғай есепке алу жүйесіне жіберу бойынша букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың міндеттерін енгізу;
- букмекерлік кеңселердің мен тотализаторлардың аппараттық-бағдарламалық кешендердің бірыңғай есепке алу жүйесімен интеграциялануын қамтамасыз ету міндетін енгізу;
- аппараттық-бағдарламалық кешендерді бірыңғай есепке алу жүйесімен интеграциялауды қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды орындамағаны үшін букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың әкімшілік жауапкершілігін енгізу;
- бірыңғай есепке алу жүйесінде есепке алынбаған ақша есебінен мөлшерлемелерді қабылдауға және ұтыстарды төлеуге тыйым салуды сақтамағаны үшін букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың әкімшілік жауапкершілігін енгізу.
РӘТ нәтижелерін қоғамдық талқылау ү.ж. 14 мен 18 наурыз аралығында «on-line» режимінде өтеді.