Пресс-релиз: «Алматы тау кластері туризмін дамытудың 2025 – 2029 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы

«Алматы тау кластері туризмін дамытудың 2025 – 2029 жылдарға арналған Кешенді жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасы (бұдан әрі – қаулы жобасы) Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2024 жылғы 13 маусымдағы туризмді дамыту мәселелері жөніндегі кеңестің қорытындысы бойынша тапсырмасын іске асыру шеңберінде әзірленді.
Қаулы жобасын қабылдаудағы мақсат- Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде стратегиялық кластерлік жоспарлау негізінде Алматы тау кластері туризмін тұрақты дамыту үшін кешенді жағдайлар жасау.
Қызмет бағыты