Алматыда «Ұлы таулардың шыңдары» атты республикалық көрме өтті

Алматыда «Ұлы таулардың шыңдары» атты республикалық көрме өтті

Алматыда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Ұлы таулардың шыңдары» атты республикалық көрме өтті.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында осы жылдың 8 қазан - 8 қараша аралығында Әбілхан Қастеев атындағы Орталық көрме залында еліміздің барлық өңірінен 45 суретшінің шығармашылық жұмысы ұсынылды. Әлеуметтік жобаны «Social Development Center» Қоғамдық қоры  іске асырды.

Отандық суретшілердің 60-тан астам бірегей кескіндеме туындыларының басты тақырыбы – Қазақстанның табиғи және мәдени мұрасы, оның тарихы мен қазіргі жағдайына бағытталды.

Хан Тәңірі, Шарын, Көлсай, Бурабай және Баянауыл аймақтарының таңғажайып сұлулығы шығармашылық жұмыстарына арқау еткен Омархан Құмар, Сағындықова Мөлдір және Сайлаубек, Ләйлә Дүйсебековтер және тағы басқа суретшілердің туындылары таныстырылды.

«Ұлы таулардың шыңдары» көрмесі қазіргі қазақстандық суретшілердің шығармашылығы арқылы тәуелсіздік жылдарындағы отандық өнердің жетістіктерін көрсете алды және жаңа есімдерді ашты.

Көрме залында экспозициядан бөлек 3Д форматындағы виртуалды көрме жасалды. Көрмені келесі сілтеме арқылы көруге болады: https://clck.ru/Y4bXW (жақсы сапада тамашалу үшін компьютерді қолдану ұсынылады).