«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығының салтанатты ашылу рәсімі өтеді

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығының салтанатты ашылу рәсімі өтеді
Абай Құнанбайұлы – ұлы ақын және композитор, ойшыл, ағартушы және қоғам қайраткері. Абайдың әлемдік танылуының едәуір көрінісі тек әдеби ізденістерінің арқасында ғана емес. Ол әдебиеттің шегінде ғана еңбек еткен жоқ. Ақын үшін әдебиет жалпы адам рухының шексіз әлеміне деген өзіндік алтын қақпа. 

«Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Халқымыздың ұлы перзентінің мерейтойын лайықты атап өту үшін арнайы құрылған комиссия дайындық жұмыстарын бастап кетті. Мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейде ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бірақ мұның бәрі той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуымыз үшін өткізілмек», - деп жазды Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев өзінің «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында.

2020 жылдың 21 қаңтарында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын мерекелеудің басталуы ресми жарияланады және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі осыған орай Қазақстанның өнер шеберлерінің концертін ұйымдастырады.

«Астана Опера» театрының сахнасында ұлы Абайдың өлеңдері мен әндері КСРО және Қазақстанның Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек ЕріАсанәлі Әшімов, Қазақстанның Халықәртісі, Қазақстанның Еңбек ЕріРоза Рымбаева, КСРО және Қазақстанның ХалықәртісіӘлібек Дінішев, Қазақстанның еңбек сіңіргенәртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегеріМайра Мұхамедқызы,Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткеріТамара Асар,халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары мен еліміздің жас дарындарының орындауында, «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен шырқалатын болады.

Басталу уақыты

17 қаңтар 2020

Соңғы күні

21 қаңтар 2020

Өткізу орны

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры

Оқиға түрі

Жаңалықтар

Кіру

Тегін