Қазақстанның ұлттық құрама командасы Сурдлимпиадаға қатысу үшін Токио қаласына келді


15 қараша 2025 жылы Жапонияның Токио қаласында XXV жазғы Сурдлимпиада басталады. Жарыстар 26 қарашаға дейін жалғасады.
Биылғы ойындарға 80 елден шамамен 3 000 спортшы қатысады. Олар 21 спорт түрі бойынша 223 медаль жиынтығын сарапқа салады. Қазақстан құрамасы сапында 8 спорт түрінде бақ сынайтын 78 спортшы бар: жеңіл атлетика, еркін және грек-рим күресі, дзюдо, бадминтон, үстел теннисі, жүзу және таеквондо.
XXV жазғы Сурдлимпиаданың ашылуында Қазақстанның Мемлекеттік Туын ұлттық дзюдо құрамасының спортшылары Айдос Тугельбаев пен Анна Краморова алып шығады.
Оқиға күні
14 қараша 2025
Өткізу орны
Токио, Япония
Оқиға түрі
Олимпиада