Үндістанның Бхубанешвар қаласында үстел теннисінен 28-ші Азия чемпионаты өтеді


11-15 қазан аралығында Үндістанның Бхубанешвар қаласында Қазақстан, Бангладеш, Гонконг, Үндістан, Иран, Катар, Қытай, Корея, КХДР, Қырғызстан, Макао, Малайзия, Мальдив, Моңғолия, Непал, Оман, Сингапур, Таиланд, Тайбэй, Өзбекстан, Шри-Ланка, Жапония құрама командаларының қатысуымен үстел теннисінен 28-ші Азия чемпионаты өтеді.
Еліміздің намысын Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Айдос Кенжеғұлов, Ескендір Харки, Санжар Жұбанов, Зәуреш Ақашева, Сарвиноз Миркадирова, Әнел Бақыт, Жанерке Көшкімбаева, Альбина Жақсылықова қорғайды.
Жаттықтырушылар: Эльмира Алиева, Дмитрий Переверзев, Геннадий Герасименко.
Басталу уақыты
11 қазан 2025
Соңғы күні
15 қазан 2025
Өткізу орны
Бхубанешвар қаласы (Үндістан)
Оқиға түрі
Азия Чемпионаты