МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ ҚҰМАР ОЙЫНДАРҒА ҚАТЫСУҒА ТЫЙЫМ САЛУ


Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) осы жылдың 11 маусымында «Шенеуніктерге құмар ойынға тыйым салу» петициясын қарастыруды бастады. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекске сәйкес Министрлік петицияны талқылау бойынша жұмыс тобын құрды, оның құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, арыз иесі, қоғам белсенділері, мемлекеттік органдар мен ойын бизнесі өкілдері енді.
Петицияны қарастыру бойынша жұмыс тобының отырысы 2024 жылғы 25 маусымда, сағат 17:30-да Министрлікте (Мәңгілік ел даңғылы, 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, № 15 кіреберіс, 3-қабат, 303 кабинет) өтетіндігін хабарлаймыз.
25 маусым 2024
Астана қ., Мәңгілік ел даңғ., 8, ҚР Туризм және спорт министрлігі
Видеоконференция