Халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында далалық семинар өтеді

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында далалық семинар өтеді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК археологиялық ескерткішті және жалпыұлттық маңызы бар қасиетті нысанды – Бозоқ қалашығын танымал ету мақсатында «Ортағасырлық Еуразияның урбанизацияланған кеңістіктерінің тарихындағы Бозоқ» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы шеңберінде 2023 жылғы 6 шілдеде «Бозоқ» археологиялық ескерткіштің аумағында далалық семинар өткізуді жоспарлап отыр.

Іс-шара елорданың 25 жылдығына және ортағасырлық «Бозоқ» қалашығын зерттеудің басталғанына 25 жыл толуына арналған.

Конференцияны ұйымдастырушылары Астана қаласының әкімдігі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, тарих факультеті, К.А. Ақышев атындағы Археология ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей – қорығы.

Конференция жұмысына Қазақстанның, алыс шет елдердің және ТМД елдерінің академиялық және жоғары оқу орындарынан 50-ден астам ғалым қатысады. Қатысуға Кембридж, Милан, Санкт – Петербург, Мәскеу, Якутск, Баку, Ташкент қалаларының зерттеуші-тарихшылары өз келісімдерін берді.

Талқылаудың негізгі тақырыбы Ортағасырлық Бозоқ қалашығын зерттеу мысалында Еуразияның дала кеңістігінде қалалық мәдениетті қалыптастыру мәселелері болмақ. Бозоқ қалашығы – қазіргі Астана орнында VII-XV ғасырларда болған археологиялық ескерткіш. Бозоқ қазақ даласының орталығын қазақ мемлекеттілігінің ерекше геостратегиялық, геосаяси кеңістігі ретінде таңдауды негіздейтін тарихи факт.

Іс-шара бағдарламасына «Бозоқ» археологиялық ескерткіші бойынша экскурсия, «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы - ҚР туризм саласындағы инновациялық жоба ретінде» тақырыбындағы пікірталас кіреді.

Конференцияға қатысушылар мемлекеттік музей-қорықтарды іске асыру арқылы тарихи-мәдени мұраны сақтау жоспары мен келешегімен танысады.

«Ортағасырлық Еуразияның урбанизацияланған кеңістіктерінің тарихындағы Бозоқ» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы қарарға қол қоюмен аяқталады.

Өтетін орны: Астана қаласындағы «Ильинка» тұрғын алабының солтүстігінде орналасқан Бозоқ археологиялық ескерткішінің аумағы.

Басталуы: сағат 10.00.

Қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефондары: + 7 (7172)999-062; 87021900284, e-mail: b_kulzhanova@mail.ru 

 

 

 

 

Оқиға күні

06 шілде 2023

Өткізу орны

Территория археологического памятника Бозок, расположенного севернее жилого массива «Ильинка» в г.Астана

Оқиға түрі

Ғылыми конференция