Халықаралық «Жаңа есімдер» жобасы басталады

Халықаралық «Жаңа есімдер» жобасы басталады

4 ақпанда Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы  дирижерлік өнердің жарқын таланттарына арналған маңызы зор мәдени жоба  – Халықаралық «Жаңа есімдер» жобасын бастайды.

Жобаның мақсаты – заманауи дирижерлік өнерді қолдау, дамыту, насихаттау, осы өнердегі жаңа есімдерді таныту, дарынды жастардың кәсіби шеберлігін шыңдау, сондай-ақ қазақстандықтардың назарын классикалық музыкаға аударып, отандық және шетелдік дирижерлермен халықаралық байланысты нығайту арқылы еліміздің музыка мәдениетін жетілдіру.

«Жаңа есімдер» жобасы аясында 4 ақпанда, сағат 18:00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының Үлкен залында Т. Әбдірашев атындағы ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің қатысуымен концерт өтеді.

Бағдарламада:

П.И.Чайковский  –  «Итальяндық каприччио», «Ромео и Джульетта», Ф.Лист  –  «Прелюдтар», Б.Сметана  –  «Влтава», А.Джоржак  – «Карнавал» Увертюрасы, А.Жұбанов, Л.Хамиди  –  «Абай» операсынан би, Г. Малер  –  «Адажиетто».

Жобаға қатысушы дирижерлер:

Барбара Поплавска, Ильяс Дүйсен, Нарын Қажығалиев, Қуаныш Ысмаилов.

Оқиға күні

04 ақпан 2023

Өткізу орны

Алматы қ., Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филарманиясы

Оқиға түрі

Концерт