Меню

Страницы

Статья

Аичи-Нагоя-2026: Азияның басты спорт додасы

XX жазғы Азия ойындары 2026 жылғы 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтеді.

Азия ойындары дегеніміз не?

Азия ойындары – Азия елдерінің спортшылары қатысатын көпсалалы халықаралық жарыс. Олимпиададан кейінгі ауқымды спорттық додалардың бірі ретінде құрлық спортшылары үшін аса маңызды бәсекелердің қатарына жатады.

Азия ойындарының басты ерекшелігі – мұнда Олимпиада бағдарламасына енген спорт түрлерімен қатар, Азия елдерінде кең тараған дәстүрлі және заманауи спорт түрлері де қамтылады. Осы арқылы жарыс Азия құрлығының спорттық мәдениетінің алуан түрлілігін көрсетеді.

Биылғы ойындар қайда өтеді?

Жарыстар Жапонияның бірнеше өңіріндегі спорт нысандарында ұйымдастырылады. Ресми бағдарламаға 43 спорт түрі енгізілген. Бәсеке бастапқы жоспар бойынша 53 нысанда өткізілуі тиіс болса, қазіргі ресми сайтта 54 спорт нысаны көрсетілген.

Дода Нагоядан бөлек, Аичи префектурасының басқа қалаларында, сондай-ақ Токио, Сидзуока және Гифу префектураларындағы жекелеген нысандарда өтеді.

Бағдарламаға жүзу, жеңіл атлетика, бокс, дзюдо, күрес, семсерлесу, гимнастика, футбол, баскетбол, волейбол, ауыр атлетика, садақ ату, ескек есу, таэквондо, каратэ, велоспорт және басқа да спорт түрлері енгізілген.

Дәстүрлі спорт пен жаңа бағыттар тоғысы

Аичи-Нагоя ойындарының ерекшеліктерінің бірі – спорт бағдарламасының алуан түрлілігі. Мысалы, жарыстарда дзюдо, күрес, каратэ, ушу сияқты жекпе-жек түрлерімен қатар, брейкинг, скейтбординг, спорттық құзға өрмелеу және серфинг сияқты заманауи спорт бағыттары да бар.

2026 жылғы Азия ойындарында падел де медальдар сарапқа салынатын ресми спорт түрлерінің қатарына енгізілді.

Электронды спорт та ойындардың ресми бағдарламасына енген. Осылайша, Аичи-Нагоя-2026 дәстүрлі спорт түрлері мен жаңа буынның қызығушылығын тоғыстыратын ірі халықаралық алаңға айналады.

Қанша спортшы қатысады?

Ұйымдастырушылардың жоспарына сәйкес, Азияның 45 елінен шамамен 15 мың спортшы мен команда мүшесі қатысады.

Еліміздің ұлттық құрамасы Азия ойындарында 35 спорт түрінен бақ сынауды жоспарлап отыр. Қазақстан атынан шамамен 500-ден аса спортшы қатыспақ.

Қанша медаль жиынтығы сарапқа салынады?

Аичи-Нагоя-2026 ойындарының ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, жарыс барысында 469 медальдар жиынтығы сарапқа салынады.

Неліктен Азия ойындары маңызды?

Азия ойындары – Азия елдерінің мәдениеті мен дәстүрін таныстыратын, халықтар арасындағы байланысты нығайтатын ірі халықаралық іс-шара.
Аичи-Нагоя-2026 ойындарының ресми ұраны – IMAGINE ONE ASIA, яғни «Біртұтас Азияны елестет». Ұйымдастырушылар ойындарды спорт арқылы Азия елдері арасындағы өзара түсіністік пен халықаралық байланысты дамытуға мүмкіндік беретін маңызды алаң ретінде қарастырады.

Жапония үшін де бұл ойындардың маңызы ерекше. Токио-2020 Олимпиадасы мен Паралимпиадасынан кейін Аичи-Нагоя Азиядағы ең ірі спорттық оқиғалардың бірін қабылдайды.

Қазақстан үшін қандай маңызы бар?

Қазақстан Азия ойындарында дәстүрлі түрде жүлде үшін күресетін елдердің қатарында. Әсіресе бокс, дзюдо, күрес, ауыр атлетика, жеңіл атлетика, каноэ және байдаркада есу, садақ ату секілді спорт түрлерінен қазақстандық спортшыларға үлкен үміт артылады.

Аичи-Нагоядағы бәсеке қазақстандық спортшылардың құрлықтағы орнын бағалауға, жаңа есімдерді танытуға және алдағы халықаралық жарыстарда тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді.

Ең бастысы, Азия ойындары – әр төрт жыл сайын Азияның спорт картасындағы күштер арақатынасын айқындайтын ірі дода. Сондықтан 19 қыркүйекте басталатын Аичи-Нагоя-2026 Азия ойындары спорт жанкүйерлері үшін маңызды халықаралық оқиға болмақ.

Дата публикации
19 сентября 2026
Дата обновления
19 сентября 2026
Тип

Сейчас читают

19 сентября 2026
Аичи-Нагоя-2026: Азияның басты спорт додасы
Ақпарат
20 июля 2026
Цифрландыру
Пайдалы ақпарат
26 июня 2026
Kids Go Free бағдарламасы қалай жұмыс істейді?

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Youtube
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы