Меню

Страницы

Статья

Қазақстан қысқы Паралимпия ойындарында

XIV қысқы Паралимпиада 2026 жылы 6-15 наурыз аралығында Италияның Милан және Кортина қалаларында өтеді. Бұл жарысқа шамамен 600 спортшы қатысып, алты спорт түрі бойынша 79 медаль жиынтығы сарапқа салынады: пара тау шаңғысы, пара биатлон, пара шаңғы жарысы, пара хоккей, пара сноуборд және арбадағы керлинг.

Қазақстан алғаш рет қысқы Паралимпиадаға 1994 жылы Лиллехаммерде (Норвегия) қатысты. Ойындарда  қазақстандық спортшы Любовь Воробьева пара шаңғы  жарысында  күміс медаль жеңіп алған болатын. Содан бері ел құрамасы жеті рет қысқы Паралимпия ойындарына қатысты.

2018 жылы Оңтүстік Кореяның Пхёнчхан қаласында өткен XII қысқы Паралимпия ойындарында қазақстандық Александр Колядин 1,5 км қашықтықтағы  классикалық спринттік жарыста алтын медаль жеңіп алып, ел тарихында қысқы Паралимпиаданың алғашқы чемпионы атанды. Бұл жарыстарда Қазақстан құрамасы шаңғы жарысы мен биатлоннан алты спортшымен өнер көрсетіп, жалпы командалық есепте 20-орынға ие болды. Бұл жетістік  1994 жылғы Лиллехаммердегі нәтижесін қайталады.

Бейжің-2022 XIII қысқы Паралимпия ойындарында Қазақстан құрамасы сапында 5 спортшы  пара шаңғы жарысы мен пара биатлон спорт түрлерінен қатысты. Ойындарда қазақстандық пара биатлоншы Александр Герлиц 10 км қашықтықтағы жарыста қола жүлдеге ие болды. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте 17-орынға тұрақтаған болатын.

Қазіргі уақытта Қазақстанда пара шаңғы спорт түрлерімен 100-ден астам адам айналысады. Олардың 25-і ұлттық құрама сапында, ал сегіз спортшы штаттық құрамға енген. Бұл спортшылар білікті мамандардың басшылығымен дайындалады. Пара шаңғы жарысы мен пара биатлоннан бас бапкер – Василий Коломиец, ал аға жаттықтырушы – Антон Жданович. Сонымен қатар, елде қысқы Паралимпия спорт түрлерінің ішінде пара шайбалы хоккей қарқынды дамып келеді. Қазіргі уақытта Қазақстанның пара хоккей құрамасы жасақталып, халықаралық жарыстарда өнер көрсетуде.

Спортшылар қысқы Паралимпиадаға жолдама алу үшін ұзақ әрі күрделі дайындықтан өтеді. Ол үшін әр чемпионат пен әлем кубогы кезеңдерінде жоғары деңгейдегі шеберліктерін көрсетіп, рейтингтік ұпайлар жинау қажет.

Мысалы, қазіргі уақытта пара биатлоннан әлемдік рейтингте LW12 санатында қазақстандық Ербол Хамитов 1-орында, ал Сергей Усольцев 10-орында тұр. LW6 санатында Александр Герлиц 7-орынды иеленуде.

XIV қысқы Паралимпиадаға пара шаңғы мен пара биатлоннан лицензия алған спортшылардың есімі осы жылдың жаз айларында белгілі болады.

Дата публикации
01 апреля 2025
Дата обновления
01 апреля 2025
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

19 сентября 2026
Аичи-Нагоя-2026: Азияның басты спорт додасы
Ақпарат
20 июля 2026
Цифрландыру
Пайдалы ақпарат
26 июня 2026
Kids Go Free бағдарламасы қалай жұмыс істейді?

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Youtube
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы