Меню

Страницы

Статья

XXV қысқы Олимпиада Милан мен Кортина-д'Ампеццода өтеді

Италия тарихта төртінші рет Олимпия ойындарын қабылдайды.  Бұл туралы шешім 2019 жылы 24 маусымда ХОК-тың Лозанна қаласындағы 134 - сессиясында қабылданған.

Милан тұңғыш рет Олимпиаданы өткізеді. Ал Кортина-д’Ампеццода 1956 жылы Олимпия ойындары өткен.

Ойындардың ресми белгілері – Тина және Мило. Оның эскизін мектеп оқушылары әзірлеген. Барлығы 1600 дизайн ұсынысы қабылданған.

XXV қысқы Олимпиадада 16 спорт түрінен 100-ге жуық медаль жиынтығы сарапқа салынады. Бұл спорт түрлеріне биатлон, бобслей, тау шаңғысы, керлинг, конькимен жүгіру спорты, шаңғы жарысы, шаңғы қоссайысы, фристайл, трамплиннен секіру, шана спорты, скелетон, ски-альпинизм, сноуборд, мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей және шорт-трек кіреді. Олимпия ойындарына алғаш рет ски-альпинизм енгізіледі.

Сайыстар Италияның әртүрлі қалаларыда өтеді. Әр аймақ жарыстарды өткізуге арналған спорт нысандарын ұсынады. Ойын өтетін негізгі орындар мен спорттық жарыстар:

Милан

• «Сан-Сиро» стадионы: Олимпиаданың ашылу салтанаты өтеді.

• «ПалаИталия Санта Джулия»: шайбалы хоккейге арналған негізгі арена.

• «ПалаТруссарди»: шайбалы хоккейдің екінші аренасы.

• Пьяцца-дель-Дуомо: марапаттау рәсімдері мен тікелей көрсетілімдер өтетін алаң.

Кортина-д’Ампеццо

• Эудженио Монти трассасы: бобслей, шана спорты және скелетон жарыстары өтеді. Бұл трасса 1956 жылғы Олимпиадаға арналып салынған, қазіргі уақытта қайта жөндеуден өтуде.

• Олимпиада стадионы: керлинг сайыстары өтетін орын.

Бормио

• Тау шаңғысы трассалары: ерлер арасындағы тау шаңғысы жарыстары осында өтеді.

Антхольц (Антерсельва)

• «Оңтүстік Тироль-Арена»: биатлон кешені, биатлон жарыстары осы жерде ұйымдастырылады.

Вальтеллина

• Ливиньо: сноуборд және фристайл жарыстары өтетін орын.

Валь-ди-Фьемме

• «Джузеппе Даль Бен» стадионы (Предаццо): трамплиннен секіру және шаңғы қоссайысы.

• «Лаго ди Тезеро» стадионы (Тезеро): шаңғы жарысы және шаңғы қоссайысы.

• «Пине» мұз айдыны (Базельга-ди-Пине): конькимен жүгіру спорты. Олимпиада алдында бұл нысанға жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Верона

• Арена ди Верона: тарихи амфитеатрда Олимпиаданың жабылу салтанаты өтеді.

Олимпиада қалашықтары Милан, Ливиньо және Кортина-д’Ампеццода орналасады.

Дата публикации
30 марта 2025
Дата обновления
30 марта 2025
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

19 сентября 2026
Аичи-Нагоя-2026: Азияның басты спорт додасы
Ақпарат
20 июля 2026
Цифрландыру
Пайдалы ақпарат
26 июня 2026
Kids Go Free бағдарламасы қалай жұмыс істейді?

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Youtube
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы