Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне 2020 жылғы 8 ай бойынша жеке және заңды тұлғалардан 1488 өтініш келіп түсті, соның ішінде 307(21%) өтініш электрондық үкімет порталы арқылы келіп түскен.
Олардың басым бөлігі, 894 (60%) жеке тұлғалардың өтініштері және 594(40%) заңды тұлғалардың өтініштері.
Өтінішпен 1341 адам (90%), сұрау салумен 116 (8%), шағыммен 20 (1%), ұсыныспен 11(1%) адам жүгінген.
Өтініштердің ішінде – 883 (59%) орыс тілінде, 605 (41%) қазақ тілінде. Өтініш берушілерге жауап қолданыстағы заңнамаға сәйкес өтініш берілген тілде берілді.
1488 заңды және жеке тұлғалардың ішінде: азаматтар –758 (51%), кәсіпорындар мен фирмалар және мемлекеттік емес ұйымдар – 507 (34%), зейнеткерлер – 25 (2%), шетел азаматтар – 15 (1%), ұжымдар – 33 (2%),шетел ұйымдар және компаниялар – 7 (0,5%), жазушылар – 15 (1%), мемлекеттік қатысумен заңды тұлға – 12 (1%), адвокаттар – 24 (1,7%), журналисттер – 13 (1%), аноним – 22 (1,5%), ғалым адамдар – 5 (0,3%), және басқалары – 52 (3%) өтініш берген.
Сипаты бойынша: 676(46%) өтініш – мәдениет және өнер, 181(12%) тілді дамыту (әдебиет,ономастика) 222 (15%) спорт және дене шынықтыру, 313 (21%) туризм, 35 (2%)архив және 61(4%) басқа да мәселелер.
Барлық өтініштер уақтылы қаралып, азаматтар мен заңды тұлғалар өз өтініштеріне «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының талаптарына сәйкес белгіленген мерзімде жауаптар ала алды.