2023 жылғы 17 шілдеде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы» директоры лауазымына Әлібек Бақытбекұлы Күзербаев тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны директорының бос лауазымдық қызметіне белгіленген тәртіпте жарияланған конкурс нәтижесінде өзін лайықты кандидатура ретінде көрсетті.
Әлібек Бақытбекұлы Күзербаев1980 жылы дүниеге келген.
2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетінің тарих мамандығын, 2003 жылы тарих факультетінің магистратурасын, 2008 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының аспирантурасын тәмамдаған.
Еңбек жолын 2003 жылы Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейінің ғылыми қызметкері болып бастаған.
Ол 2003-2023 жж. аралығында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты тарих және филология факультетінің оқытушысы және оқу ісі жөніндегі декан орынбасары (Алматы қаласы), «Қазақ радиосының» редактор-жүргізушісі және «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ-ның редактор-сарапшысы, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің және Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушысы (Алматы қаласы), Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша құрылымдық бөлімдерінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде қызметте болған.