Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі реттегіш құралдардың Реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсерін талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларының (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығы) 20-тармағына сәйкес 2023 жылғы 18 шілдеде сағат 10:00-де ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында құмар ойындарға және (немесе) жиырма бір жасқа дейінгі адамдардың, сондай-ақ құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға шектелген адамдардың бәс тігуіне рұқсат бергені үшін ойын бизнесін ұйымдастырушыларға қатысты әкімшілік жауапкершілікті енгізу бойынша реттеушілік әсерді талдау (бұдан әрі – РӘТ) нәтижелері орналастырылатындығын хабарлайды.
РӘТ нәтижелерін қоғамдық талқылау 2023 жылғы 18-21 шілде аралығында on-line режимінде өтеді.
Сонымен қатар, 2023 жылғы 17 шілдеде сағат 11:00-де РӘТ нәтижелерін талқылау бойынша бейнеконференцбайланыс (Zoom) режимінде кеңес өткізу жоспарланғанын хабарлаймыз.