Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі реттегіш құралдардың Реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсерін талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларының (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығы) 20-тармағына сәйкес 2023 жылғы 18 шілдеде сағат 10:00-де ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында букмекерлік кеңсенің немесе тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы аппараттық-бағдарламалық кешенін мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйелерімен интеграциялануын қамтамасыз етуге міндетті заңнамалық белгілеу бойынша реттеушілік әсерді талдау (бұдан әрі – РӘТ) нәтижелері орналастырылатындығын хабарлайды.
РӘТ нәтижелерін қоғамдық талқылау 2023 жылғы 18-21 шілде аралығында on-line режимінде өтеді.
Сонымен қатар, 2023 жылғы 17 шілдеде сағат 15:00-де РӘТ нәтижелерін талқылау бойынша бейнеконференцбайланыс (Zoom) режимінде кеңес өткізу жоспарланғанын хабарлаймыз.