Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мәдениет және спорт салаларындағы білім беру ұйымдарында 2023-2024 оқу жылына техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі конкурс өткізу туралы хабарландыру
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі» (бұдан әрі - Министрлік) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мәдениет және спорт салаларындағы білім беру ұйымдарында 2023-2024 оқу жылына техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі конкурс жариялайды.
Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi білім беру ұйымдарының конкурстық өтінімдері Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29323 болып тіркелген) Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Конкурстық өтінімге кіретін құжаттарға Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi білім беру ұйымының бірінші басшысының қолы қойылады және Министрлікке электрондық және (немесе) қағаз түрінде Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» ғимаратының № 15 кіреберіс мекенжайы бойынша ұсынылады.