«Темірбек Жүргеновтің туғанына 125 жыл толуына дайындық және оны өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасының баспасөз релизі

Ұсынылған қаулы жобасында ағымдағы жылы көрнекті мемлекет қайраткері және журналист Темірбек Жүргеновтің туғанына 125 жыл толуына орай мерейтойды атап өту қарастырылған.

Осы мерейтой бойынша жергілікті атқарушы органдармен өңірлік іс-шаралар жоспарлары бекітіліп, жалпыреспубликалық жоспарға іс-шаралар ұсынылды.

Жалпыреспубликалық жоспарға өңірлік және республикалық деңгейлерде мерейтойлық 77 ауқымды іс-шаралар енгізілді.

Атап айтқанда, Қызылорда облысында көрнекті мемлекет қайраткеріне ескерткіш орнату, есімін елді мекендердің құрамдас бөліктеріне (көшелеріне) беру, деректі фильм түсіру, республикалық ғылыми-практикалық конференциялары, мерейтойлық почта маркаларын және монетаны әзірлеп шығару, жазба ақындар  мүшәйрасын өткізу, халықтық театрларының фестивальдері және басқа да ауқымды жобалар өткізу көзделген.

«Темірбек Жүргеновтің туғанына 125 жыл толуына дайындық және оны өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасының баспасөз релизі
Дата публикации
23 мая 2023