Қазақанимация бірлестігі қысқаметрлі анимациялық фильмдер сценарийлеріне байқау жариялады

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ жанынан құрылған «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі- түркі халықтарына ортақ мәдени жәдігерлер мен рухани құндылықтарды дәріптеу мақсатында экранизациялау үшін – қысқаметрлі анимациялық фильмдер сценарийлеріне байқау жариялайды.

Байқау шарттары төменде көрсетілген:

*Заңдық тұлғалардан түсетін өтінімдер ұсынылған құжаттар тізімімен бірге

мына электрондық адреске qazaqanimation2022@gmail.com жолданылады;

*Сценарий талаптарға сай жазылуы керек (Ұсынылған тізімде көрсетілген құжаттар бойынша)

* Анимациялық жобалардың қабылдану мерзімі: 2023 жылдың 25 сәуірінен бастап, 2023 жылдың 10 мамырына дейін;

Ұсынылған құжаттардың тізімі мен байқауға қатысу өтінімдерінің формасымен профилдің бас жағында көрсетілген сілтеме арқылы танысуға болады.

www.instagram.com/qazaq.animation/

Қазақанимация бірлестігі қысқаметрлі анимациялық фильмдер сценарийлеріне байқау жариялады
Дата публикации
04 мая 2023