Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі реттегіш құралдардың Реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсерін талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларының (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығы) 20-тармағына сәйкес 2022 жылғы 26 қыркүйекте сағат 10:00-де ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу барысында көрермендермен қарым-қатынас кезінде әртістердің нормативтік емес лексиканы қолдану, алкогольдік ішімдіктерді ішу, алкогольдік және/немесе есірткілік масаң күйде болу, сондай-ақ психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорларының әсерінен орын алатын мінез-құлқын тиісінше қамтамасыз етпегені үшін ұйымдастырушыларға және аталған әдепсіз мінез-құлық танытулары үшін әртістерге жауапкершілігін заңнамалық белгілеу бойынша реттеушілік әсерді (бұдан әрі – РӘТ) талдау нәтижелері орналастырылатындығын хабарлайды.
РӘТ нәтижелерін қоғамдық талқылау 2022 жылғы 26-29 қыркүйек аралығында «on-line» режимінде өтеді.