Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жанынан жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді өткізуге өтініштер мен құжаттар қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) жеке кәсіпкерлік субьектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды (бұдан әрі – бiрлестiктер мен ұйымдар) аккредиттеуді өткізуге өтініштер мен құжаттар қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.

Аккредиттеуге құжаттарды қабылдау 2022 жылғы 2-15 маусым аралығында (қоса алғанда) жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 799 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді өткізу қағидалары, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібіне (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес аккредиттеуге республикалық бiрлестiктерi мен ұйымдары жатады.

Аккредиттеу алу үшiн өтiнiш берушi Министрлікке мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:

1) осы Қағидаларға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, құрылтай құжаттарының және заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктердің) мемлекеттiк тiркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;

3) бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерін көрсете отырып, бірлестік және/немесе ұйым мүшелерінің тізімін ұсынады.

Құжаттарды қарау және аккредиттеу туралы куәлiктi беру туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешiм қабылдау мерзімі – өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталған сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi.

Аккредиттеуге құжаттарды қабылдау Министрліктің кеңсесі арқылы (74-04-29, 74-04-54) мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 15-кіреберіс.

Анықтама телефоны: 8 7172 74-13-15.

Дата публикации
01 июня 2022