ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің халықаралық ынтымақтастық туралы анықтамасы

Музей ісі саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум

Меморандум ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасында музей ісі, мәдени-білім беру және көрме алмасу саласындағы ынтымақтастықты дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауды көздейді. Құжат музей ісі саласындағы бірлескен ғылыми зерттеулерді және ШЫҰ – ға мүше мемлекеттердің тарихына, мәдениеті мен өнеріне арналған көрме жобаларын, археология, музей экспонаттарын реставрациялау, сараптау және атрибуттау және мұраны зерттеу саласындағы музейлердің ғылыми бағдарламаларын іске асыруға, сондай-ақ музей ісі саласындағы өзекті мәселелер бойынша бірлескен конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізуге жәрдемдесуге арналған.

Сонымен қатар, Меморандум музей қызметкерлерін даярлау және біліктілігін арттыру, цифрландыру мәселелерінде мемлекеттердің ынтымақтастығын көздейді. Тараптар ШЫҰ – ға мүше мемлекеттер музейлері жинақтарынан мәдени мұраны сақтау мен танымал етуде күш-жігерді біріктіреді, оның ішінде ШЫҰ – ға мүше мемлекеттер арасындағы музей-көрме алмасу шеңберінде музей экспонаттарының сақталуын және уақтылы қайтарылуын қамтамасыз етуге кепілдік береді.

Қазақстан мен АҚШ арасындағы мәдени мұраны сақтау жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум

Меморандум АҚШ пен Қазақстанның өз аумағында тұратын немесе тұрып жатқан барлық ұлттық, діни және этникалық топтардың, соның ішінде екінші дүниежүзілік соғыс геноцидінің құрбандарының мұрасын сақтау бойынша бірлескен жұмысын негізге алады.

Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігі мен Түрікменстанның мәдениет министрлігі арасындағы мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандум

Құжат мәдениет саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуды көздейді, сондай-ақ тараптардың аталған саладағы бірлескен қызметтің маңыздылығын өзара түсінуге дайындығын білдіреді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Египет Араб Республикасының Үкіметі арасындағы мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандум

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Египет Араб Республикасының Үкіметі өзара ынтымақтастықты нығайту және дамыту қажеттілігін негізге ала отырып, мемлекеттер арасындағы достық қатынастарды нығайтудың маңыздылығын мойындай отырып және мәдени ынтымақтастық достық қатынастар мен өзара түсіністікті дамыту мен нығайтуға қызмет ететініне сенімді бола отырып, елдердің ұлттық заңнамаларына сәйкес мемлекеттердің уәкілетті органдары арасындағы ынтымақтастықты және өзара алмасуды көтермелеу туралы келісті.

Тараптар екі жақты шарттардың негізінде Тараптар мемлекеттерінің мәдени өмірі туралы, оның ішінде Тараптар мемлекеттерінде өткізілетін халықаралық іс-шаралар туралы ақпарат алмасады және екі ел өкілдерінің осындай мәдени іс-шараларға қатысуын көтермелейді. Сондай-ақ Тараптар археология, мәдени мұра объектілерін қорғау және сақтау, зерттеу және реставрациялау саласындағы ынтымақтастықты дамытады, сондай-ақ тиісті салаларда жарияланымдармен және сарапшылармен алмасады. Бұл сондай-ақ Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес опера және балет, театр, музыка саласындағы ынтымақтастықты білдіреді, сондай-ақ музыкалық және театр топтарының өзара алмасуын қолдайды.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Үндістан Республикасының Жастар ісі және спорт министрлігі арасындағы меморандум

Үндістан Премьер-министрі Н. Модидің Қазақстан Республикасына сапары аясында Ақордада Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Үндістан Республикасының Жастар ісі және спорт министрлігі арасында меморандумға қол қойылды.

Құжат екі ел арасындағы дене шынықтыру және спорт саласындағы өзара тиімді ынтымақтастыққа жаңа серпін беруге арналған. Меморандумға қол қоя отырып, тараптар өзара қарым-қатынастарды одан әрі кеңейту және ынталандыру үшін спорт арқылы екі ел халықтары арасындағы достық байланыстарды дамытуға және нығайтуға уағдаласты.

Меморандумға сәйкес, екі ел өз мемлекеттерінде өткізіліп жатқан спорттық іс-шаралар, спортты дамытудың стратегиялық бағдарламалары туралы, сондай-ақ халықты дене шынықтыру және спорт құралдарымен сауықтыру проблемалары бойынша ғылыми-әдістемелік ақпарат алмасатын болады.

Бұдан басқа, жоғары жетістіктер спорты саласындағы соңғы жетістіктер, спорттық диагностика туралы, медициналық-биологиялық қамтамасыз ету әдістері туралы және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау кезінде қазіргі заманғы ғылыми аппаратуралар мен жабдықтарды пайдалану туралы ғылыми жұмыстармен, ақпаратпен алмасуды жүргізу болжанып отыр. Осы тармақта мүгедектерге арналған дене шынықтыру және спорт түрлері бойынша ақпарат алмасу туралы айтылған.

Қазақстан мен Үндістан Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Ұйымы (ЮНЕСКО) шеңберінде Ұлттық мәдени мұра объектілерін сақтау, оларды ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне ілгерілету саласында тығыз ынтымақтасады. Қазақстан сондай-ақ Үндістанға ел тұрғындары арасында Үнді ұлттық мәдениетін танымал ету саласында белсенді қолдау көрсетеді.

Справка о международном сотрудничестве Министерства культуры и спорта РК
Дата публикации
04 апреля 2022