Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті
«Спортты дамыту дирекциясы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры лауазымына орналасуға конкурс жариялайды
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптары:
қабылданатын шешімдердің кейінгі салдарына, ұйымның мүлкін сақтау мен тиімді пайдалануға, сондай-ақ оның қызметінің әкімшілік-шаруашылық нәтижелеріне жауап бере отырып, ұйымның өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық жасайды;
ұйымның саясатын, стратегиясын және оны іске асырудың тетіктерін айқындайды;
оқу-жаттығу және тәрбиелік процестерде спорттық-әдістемелік және материалдық-техникалық базаны ұйымдастырады және жетілдіреді;
педогогикалық кеңестің жұмысына басшылық жасайды;
ұйымның жұмыс жоспарын, спорттық жетілдірудің әртүрлі кезеңдерінде спортшыларды даярлаудың жоспарларын және бағдарламасын бекітеді;
барлық құрылымдық бөлімшелердің олардың қызметін жетілдіруге бағытталған өзара тиімді іс-қимылы мен жұмысын ұйымдастырады, сондай-ақ олардың қызметін жоғары жетістіктер спорты мен бұқаралық спортты дамытуға бағыттайды;
жаттықтырушылар, жаттықтырушы-оқытушылар, нұсқаушылар және әдіскерлердің біліктілігін арттыруды, спортшыларды дайындау деңгейін және спортшылардың спорттық шеберлігін арттыру мақсатында дене шынықтыру және спорт саласындағы шет елдің озық тәжірибесін зерделеуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды;
лауазымды тұлғаларға – орынбасарларына, құрылымдық бөлімшелердің басшыларына ұйым қызметінің жекелеген бағыттарын жүргізуді тапсырады;
қызметкерлерді қабылдау, ауыстыру, көтермелеу және жұмыстан шығару туралы шешім қабылдайды, ұйымның құрылымын, штаттық кестесін, ұйым қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
спортшылардың контингентін қалыптастырады, оқу-жаттығу және оқу-тәрбиелік процестері кезінде спортшылар мен ұйым қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын сақтаудың қажетті жағдайларын жасайды;
тиісті саланың уәкілетті органдарына ұйымның әкімшілік-шаруашылық және оқу-жаттығу қызметтерінің есебін ұсынады;
ұйымның бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, өнім берушілер, тапсырыс берушілер мен банктерді қоса алғанда кредиторлар алдындағы міндеттемелерінің, сондай-ақ шаруашылық және еңбек шарттарының (келісімшарттардың) орындалуын қамтамасыз етеді;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарын ұйымдастырады, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қабылдауда дербес жауапкершілікте болады.
кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша педагогикалық ғылымдар немесе бизнес және басқару немесе құқық;
мамандығы бойынша, оның ішінде дене шынықтыру және спорт саласында басшылық лауазымдарда жұмыс өтілінің кемінде 5 жыл болуы.
Қазақстан Республикасының Конституциясы (бұдан әрі – Конституция);
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (бұдан әрі – Бюджет кодексі);
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі (бұдан әрі – Еңбек кодексі);
"Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Білім туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Дене шынықтыру және спорт туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Мемлекеттік сатып алулар туралы" Қазақстан Республикасының заңдары;
педагогика, психология және физиология негіздері;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптар.
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;
6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардың құжаттары бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде мына мекен-жай бойынша қабылданады: Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 15-кіреберіс, 314 каб. Толық ақпарат алу үшін байланыс телефондары: +7 (7172) 74-02-52, 74-06-20.
____________________________
____________________________
____________________________
(азаматтық қызметкер)
Өтініш
Мені ________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ бос лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
Конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын. Қоса берілген құжаттар:
__________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________________________________________________ Мекен жайы және байланыс телефоны _________________________________
________ ____________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.