Мәдениет және спорт жөніндегі Қоғамдық кеңес туралы ереже

2021 жылдың 7 желтоқсанында Мәдениет және спорт мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің басшысы Мырзатай Жолдасбекұлы Жолдасбековтың төрағалығымен Мәдениет және спорт мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің (бұдан әрі - Қоғамдық кеңес) отырысы өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша Мәдениет және спорт мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес туралы жаңа ереже (бұдан әрі - Ереже) бекітілді (отырыстың 2021 жылдың 7 желтоқсанындағы № 1 хаттамасы).

Қоғамдық кеңес қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында оның құрамында мәдениет, архив ісі, спорт және туризм салаларында төрт комиссия құрылды, сондай–ақ олардың төрағалары сайланды. Архив ісі комиссияның төрағасы болып Анатолий Башмаков, туризм бойынша –Инна Рей, мәдениет бойынша - Айман Мұсаходжаева, спорт бойынша - Дәулет Тұрлыханов сайланды.

Ереженің 28-41-тармақтарында Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің мәдениет, архив ісі, спорт және туризм салаларындағы құрылған комиссиялармен өзара іс-қимыл тәртібі сипатталған.

Мәдениет және спорт жөніндегі Қоғамдық кеңес туралы ереже
Дата публикации
20 декабря 2021