Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті, лицензияға қосымшаны алу қызметі www.elicense.kz порталында 2021 жылдың 15 қарашасынан бастап қолжетімді екенін хабарлайды.
Қызметті алу үшін қадамдық нұсқаулықпен танысуды сұраймыз. Сондай-ақ, қызмет көрсетушілер облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары екенін хабарлаймыз. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 6 (алты) жұмыс күнінен кешіктірілмей және тегін ұсынылады.
Жұмыс барысында туындайтын техникалық мәселелер бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету сұрақтары бойынша 1414 бірыңғай байланыс орталығына жүгінулеріңізді сұраймыз.