Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК келесі бос лауазымдарға конкурс жариялайды:
«Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК кадрлар бөлімінің басшысы
Санаты – А3-1-1
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: "Әлеуметтану", "Экономика және бизнес", "Құқықтану" мамандықтарының біреуі бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы, Қазақстан Республикасының заңнамасын білуі.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышына сәйкес мамандық: Бизнес, басқару және құқық.
Лауазымдық жалақы 101000 – 120 000 теңге.
«Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК бас бухгалтері (негізгі қызметкердің жүктілігі және босануы бойынша демалыс уақытына 02.01.2023 ж. дейін)
Санаты А2-1
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, Кәсіби бухгалтер сертификатының болуы, Қаржы-Бухгалтерлік жұмыс саласында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі, оның ішінде басшы лауазымдарда болуы, Қазақстан Республикасының заңнамасын білуі. Мамандық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының жіктеуішіне сәйкес келеді: Бизнес және басқару.
Лауазымдық жалақы 117 000– 138 000 теңге
«Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК келесі мекенжайда орналасқан: Щучинск қаласы, ОАА шағын ауданы, 5А ғимараты.
Кәсіпорын қызметінің негізгі мақсаты олимпиадалық резервті және қысқы спорт түрлері бойынша республиканың ұлттық құрама командаларын ұйымдастыру және даярлау болып табылады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардың мынадай құжаттары болуға тиіс:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілінде түйіндеме;
3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
4) білімі туралы құжаттардың көшіремсі;
5) еңбек кітапшасының (ол болған жағдайда) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардың көшірмелері;
6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама
7) сотталмағаны туралы анықтама.
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалар үшін құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде (2021 жылғы 03 қарашадан 17 қарашаға дейін) мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: vko_cop@mail.ru