Туристік операторлық қызметке лицензияны қайта рәсімдеу қажеттігі туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті шығу туризмі саласындағы, келу мен ішкі туризм саласындағы қызметтің кіші түрлеріне сәйкес туристік операторлық қызметке лицензияны қайта ресімдеу қажеттігі туралы хабарлайды.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 30 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына және «Туристік операторлық қызметке (туроператорлық қызметке) лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 156 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2021 жылғы 6 тамыздағы № 259 бұйрығына сәйкес туроператорлар лицензияны 2021 жылғы 11 қазаннан бастап 2022 жылдың 04 қаңтарына дейін қайта ресімдеуі қажет.

Осылайша, туроператорлар elicense.kz порталы арқылы қызметтің кіші түріне сәйкес көрсетілген мерзімде өтініш беруі қажет.

О сроках переоформления лицензий на туристскую деятельность
Дата публикации
05 октября 2021