Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті «Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығы» РМҚК директоры бос лауазымына конкурс жариялайды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті келесі бос лауазымға конкурс жариялайды:

«Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығы» РМҚК директоры;

            «Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығы» РМҚК мына мекен-жайда орналасқан: Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 45а.

Кәсіпорынның негізгі қызметі жоғары білікті спортшылардың әртүрлі кезеңдердегі дайындығын әдістемелік ұсынымдармен қамтамасыз ету болып табылады.

            Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары (және/немесе жоғары білімнен кейінгі) педагогикалық, заң немесе экономикалық білімі, басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі немесе спорт және дене шынықтыру саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы, Қазақстан Республикасының заңдарын білу.

Конкурсқа қатысушылардың мынадай құжаттары болуы керек:

1) конкурсқа қатысуға өтініші;

2) қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндеме;

3) өз қолымен жазылған өмірбаяны;

4) білімі туралы құжаттардың белгіленген тәртіппен куәландырылған көшірмесі;

5) еңбек кітапшасының немесе жеке еңбек шартының белгіленген тәртіппен куәландырылған көшірмесі, болмаса соңғы жұмыс орнынан қабылдау немесе жұмыстан босату туралы бұйрықтардың белгіленген тәртіппен куәландырылған үзінді көшірмесі;

6) денсаулығы туралы анықтама;

7) соттылығы туралы анықтама.

             Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде 2021 жылғы 19 қазанға дейінгі мерзімде мына мекен-жайда қабылданады:

            Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі», 15 кіреберіс, тел: 741269, 740500.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті «Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығы» РМҚК директоры бос лауазымына конкурс жариялайды
Дата публикации
04 октября 2021