Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «О. Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «О. Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі»  республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

  1.  Лауазымдық міндеттері:

Қазақстан Республикасының заңнамасына және білім беру ұйымының жарғысына сәйкес оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, әкімшілік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық жасайды;

оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын, оқу процесінің кестесін, ішкі тәртіп ережесін бекітеді;

білім беру ұйымының басқару құрылымын, штаттық кестесін, қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

білім алушылардың контингентін қалыптастырады, олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді;

техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында қоғамдық тамақтандыру, медициналық қызмет көрсету ұйымдарының жұмыс істеу және олардың жұмысына бақылауды ұйымдастыру үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді;

жұмыс берушілермен және әлеуметтік әріптестермен жүргізілетін жұмысты үйлестіреді;

қолда бар мүліктер мен құралдарға билік жүргізеді, оқу-материалдық базаны толтыруды және оның есебі мен сақталуын, санитарлық-гигиеналық ережелер тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді;

материалдық-техникалық базаны қайта жарақтауды және қайта құруды ұйымдастырады;

педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады;

білім беру ұйымының оқыту қызметінің саласын дұрыс ұстау және кеңейту мақсатында инновациялық білім технологияларын енгізуді және тартуды қамтамасыз етеді;

кадрларды іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, педагогикалық және тәрбие процесінің қажетті деңгейін қамтамасыз етеді, олардың біліктілігі мен кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды;

үздіксіз кәсіптік оқыту жөнінде білім беру ұйымдарымен бірлескен жұмыс бойынша жалпы басшылықты жүзеге асырады;

жұртшылықпен байланысты қамтамасыз етеді, ата-аналармен (олардың орнын басушы адамдармен) жүргізілетін жұмысты үйлестіреді;

жоғары тұрған, қоғамдық және өзге де ұйымдарда білім беру ұйымының мүддесін білдіреді;

әлеуметтік серіктестік және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

уәкілетті органға (құрылтайшыға) оқу, ғылыми және қаржылық қызмет нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;

еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік жөніндегі заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілер талаптарын орындауды қамтамасыз етеді және қауіпсіз еңбек етуге жағдай жасайды;

біліктілік санаттарын беру (растау) кезінде қойылатын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшылары мен басшылары орынбасарларының тиімділік көрсеткіштеріне сәйкес келеді.

  1. Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптары:

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлаудан өткені туралы құжат;

білім беру саласындағы жұмыс өтілі соңғы 5 жылдан кем емес, оның ішінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы басшысының орынбасары лауазымындағы еңбек өтілі кемінде 1 жыл немесе тиісті бейіні бойынша кәсіпорындағы еңбек өтілі кемінде 3жыл; оның ішінде басшы лауазымында кемінде 3 жыл;

оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде-қосымша педагогтың бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог - сарапшының, педагог - зерттеушінің, педагог - шебердің біліктілік санатының болуы..

  1. Білуі тиіс:

1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясын;

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін;

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі);

2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін;

Қазақстан Республикасының заңдарын:

2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы»;

2019 жылғы 27 желтоқсандағы «Педагог мәртебесі туралы»;

2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы»;

1996 жылғы 10 маусымдағы «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы»;

 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы»;

 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алулар туралы».

педагогика және психология негіздерін;

қазіргі педагогтік ғылым мен тәжірибе жетістіктерін;

басқарудың инновациялық әдістерін;

экономика, қаржы-шаруашылық мәселелерін;

құқық, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелер мен нормаларын.

  1. Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4) білімі туралы құжаттардың көшірмесі;

5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;

6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы туралы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Конкурска қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жариялымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жаряланған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде жүргізіледі.

Құжаттар қолма-қол немесе почта арқылы: Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» ғимараты,              15-кіреберіс, 314 кабинет мекенжайы бойынша қабылданады.

Толық ақпаратты +7 (7172) 74-02-52, 74-06-20 телефондары бойынша алуға болады.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «О. Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды
Дата публикации
24 апреля 2021