Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті Норма шығару қызметі басқармасының бас сарапшысы, C-4 санаты (1 бірлік)
Астана қаласы
323914
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Комитеттің құзыреті шегінде: заңнамалық және заңға тәуелді актілер жобаларын, Қазақстан Республикасының заңдарын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар туралы ҚР Премьер-Министрінің өкімдерін әзірлеу, оның ішінде, оларды Министрліктің және Комитеттің құрылымдық бөлімшелері әзірлеген жағдайда, келісу жолымен қатысу; реттеушілік саясаттың консультативтік құжаттарын, заңнамалық актілер, заң жобаларына және депутаттар бастамашылық жасаған түзетулерге ҚР Үкіметінің қорытындылары, халықаралық шарттар жобаларын, сондай-ақ заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер жобаларын келісу бойынша жұмыстарды жүргізу; әзірлеушісі Министрлік болып табылатын реттеушілік саясаттың консультативтік құжаттарының, заң жобаларының, заңнамалық актілердің жобаларының, Министрлік бастамашылық жасаған түзетулерді қамтитын заңнамалық актілердің басқа да жобаларының, Комитеттің құрылымдық бөлімшелері әзірлеген заңға тәуелді заңнамалық актілерінің жобаларының іске асырылу барысын талдау; нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын заң техникасына сәйкестігі тұрғысынан қарау және келісу; нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізу және осындай мониторингті Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің жүргізуін үйлестіру; кәсіпкерлік субъектілері үшін міндетті талаптардың тізбесін жүргізуді ұйымдастыру және үйлестіру; белгіленген тәртіппен талап-арыз жұмысын жүргізу және сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда Комитет қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде Комитеттің мүдделерін білдіру; заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда, барлық сот сатыларында Комитеттің пайдасына қабылданбаған сот актісіне шағымдану жөніндегі шараларды уақтылы қабылдауға, сондай-ақ белгіленген тәртіппен прокуратура органдарына қадағалау тәртібімен наразылық келтіру туралы өтініш хаттармен жүгіну; тиісті сот талқылауына әкеп соққан негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында Комитеттің қатысуымен сұраныс бойынша талап қою жұмысының, сот практикасының жай-күйін талдауға және оларды жою мен кінәлі лауазымды адамдарды жауаптылыққа тарту жөнінде ұсыныстар енгізу; заңды күшіне енген сот актілерін орындау бойынша шаралар қабылдауды қамтамасыз ету; Комитеттің құрылымдық бөлімшелері әзірлейтін нормативтік емес құқықтық актілердің, шарттардың, құқықтық сипаттағы іс жүргізу және өзге де құжаттардың жобаларын келісу бойынша жұмысты жүзеге асыру; Комитеттің норма шығармашылық қызметіне талдау жүргізу және талдау нәтижелері бойынша оны жетілдіру және анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар енгізу..
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты
-
(8-7172) 98-33-59